Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы тексерілетін болады

Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы демалыс күндері тұрақты тексеріліп тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе, қала халқы мен туристер жиі баратын жағажайлар айрықша назарда ұсталады.

Ақтауда бұдан былай қоғамдық орындардың тазалығы тексерілетін болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырған орнын ластап, шашып кететін жүгенсіздерді жөнге салу үшін рейдтік шаралар басталды. Оның аясында тұрғындарға жадынама таратылып, қоршаған ортаны аялаудың ортақ міндет екені айтылып жатыр. Тәртіпке бағынбаса, полиция әкімшілік жауапқа тартады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес күзге дейін табиғи демалыс орындарда күл-қоқыс тастаған адамға салынатын айыппұлдың көлемі өседі. Қазір бұл іспен еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шұғылданып жатыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің маңғыстау өңіріндегі амбассадоры Әділбек Қозыбақов: "Кез келген қоқыс, әсіресе, пластик қоқыстар жағасында тасталған соң ертелі-кеш теңізге түседі. Және олар балықтарға, итбалықтарға жалпы теңіздің биологиялық алуантүрлігін әлсіретуге зиянын тигізеді. Өкінішке қарай, бізде үгіт-насихат жұмыстары әлсіз жүріп жатыр. Теңіз жағасында демалып отырып балалардың көзінше қоқыс тастап кететін жағдайларға куә болып жүрміз. Ондай азаматтарға сол кезде түсіндіреміз, айтамыз. Бірақ ол жеткіліксіз" деді.

Рейдтік шара жаз айының соңына дейін жүретін болады. Яғни, қоқыс тастағандар болса, олар жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG