USD
USD
USD

Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйел табылды

Ақтауда әйелдің мәйіті пәтерде бір жыл жатқан, - деп хабарлайды  inAktau.

Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйел табылды
Фото: NEGE.kz

Ақтау, NEGE. Оны көршісі байқап, дабыл қақты. Әйелдің сөзінше, марқұм көрінбей кеткен, оған қоса пәтерінің алдында шоттар жиналып қалған. 

"Желді күндері иіс келетін, бірақ жертөледен шығып жатқан шығар деп ойладым. Сосын бір күні ойыма ол кісі COVID-19 толқыны кезінде қайтыс болуы мүмкін деген ой келді. Менің білуімше, Ақтауда оның туыстары жоқ, сондықтан ешкім іздемейді. Мен мұндай жағдайлар туралы БАҚ-та оқыған едім. Ол пәтер ақысын өткен жылдың наурызында соңғы рет төлегенін анықтадым. Нәтижесінде полиция келіп, пәтерді ашты, ол жатын бөлмесінде төсекте жатты. Бір жылда денесі толық шіріп кеткен десе болады. Туыстарын әлеуметтік желілер арқылы таптық, бүгін жерлеу рәсімі өтті", - деді үй тұрғыны.

Облыстық полиция департаменті әйелдің табылғаны туралы хабар осы жылдың 15 сәуірінде түскенін хабарлады.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді олар.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.