USD
USD
USD

Ақтауда бір мектепте сегіз жұп егіз бірінші сыныпқа барды

Ғажайып құбылыс Ақтау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін орта мектепте тіркелген. Білім күніне арналған салтанатты жиында 8 жұп егіз бірінші сыныпқа барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Ақтауда бір мектепте сегіз жұп егіз бірінші сыныпқа барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған егіздер үшін шеру ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің жаңа достары және мұғалімдерімен амандасты.

Ал алғашқы қоңырау соғу құрметіне ағайынды Мирас пен Диас Мурадовтар ие болды. 

Мектеп басшылығының айтуынша, № 12 орта мектепте егіздердің рекордтық саны биыл алғаш рет тіркеліп отыр.

"Біздің мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бастапқыда мұғалімдерге кейбір егіздерді ажырату қиын болатын шығар, бірақ уақыт өте келе бір - бірімізге үйренеміз. Бастысы сапалы біоім мен тәрбие беруге тырысамыз", - деді мектеп директоры Жанат Анисова.

Қазір оқып жатыр

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт