USD
USD
USD

Ақтауда алаяқ әйел ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдап кеткен

Ақтауда алаяқ әйел ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда алаяқ әйел ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдап  кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйел адам өз алаяқтықтарын жүзеге асыру үшін WhatsApp мессенджерінде әртүрлі топтар құрған және ол жақта ақша қаражатын салсаңыз, көбейтіп беремін деген уәде берген. Ақтау полициясына алты жәбірленуші бір адамның интернет-алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккенін айтып, арызбен жүгінген. Алаяқ олардан 13 миллионнан астам теңге алып, алдап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 51 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Цифрлы технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр.

Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалана отыра, зиянкестер адамның сеніміне оңай кіреді. Маңғыстау полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын аса мұқият болуға шақырады!

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық