USD
USD
USD

Ақтауда әйел бесінші қабаттан секірмек болды

Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда әйел бесінші қабаттан секірмек болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 қазанда түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-ші қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқандығы туралы хабар түскен.

Шақыртуға патрульдік полиция жасағы, кезекшіліктегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және қала аумағына түнгі кезекшілікке бекітілген ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды.

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болғаны белгілі болды. Ол бұрын да осындай әрекетке барған.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев