USD
USD
USD

Ақтауда 2026 жылға дейін 900 шақырымнан астам инженерлік желілер жаңғыртылады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Ақтауда 2026 жылға дейін 900 шақырымнан астам инженерлік желілер жаңғыртылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға дейін Ақтау қаласының 25 шағынауданын 5 аймаққа бөле отырып, 919 км инженерлік желілерді, яғни су құбырын, кәрізді, жылытуды жаңғырту жоспарланған.

Бүгінгі таңда 19 жобаны қаржыландыру мәселелері қарастырылуда, 1 кезең бойынша жобаның жалпы құны –20,4 млрд теңге. Оның ішінде су құбыры бойынша-6 жоба, кәріз құбыры бойынша – 6 жоба, кәріз тазарту станциялары бойынша – 6 жоба және жылумен жабдықтау желілері бойынша –1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

– Оның ішінде биыл Ақтау қаласының 3а, 3б шағын аудандарында және аурухана қалашығында жылу желілерін қайта жаңарту басталды, жалпы ұзындығы 10,2 шақырым инженерлік желілер жаңғыртылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлініп, мердігер анықталды. Қалған шағынаудандарды жаңарту бойынша жұмыстар кезең - кезеңімен жүргізілетін болады, – деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова