USD
USD
USD

Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттан құлап қаза тапты

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жалаңаш ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Ер адам құлады
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай 20 шілде күні таңғы сағаттарда, 5-ықшамауданындағы №22 үйде тіркелген, деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам 5G-антеннасына жармасып, шатырда тұрған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері, соның ішінде өрт сөндірушілер келіп, автосатыны орнатқан. Алайда құтқарушылар жақындамақ болған сәтте ер адам төменге құлап кеткен.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының дерегінше, ер адамның алған жарақаты өлімге алып келген, ол жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған.

Ол үйдің жанына салынған қосалқы құрылысқа құлаған.

Төтенше жағдай қызметі автосаты арқылы көмек көрсетуге тырысқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Ер адамның не себепті киімсіз күйде шатырға шыққаны және өзін ұстауға тырысқаны – анықталу үстінде», – делінген полиция мәлімдемесінде

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты