USD
USD
USD

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштарға «Ұлт қаһарманы» атағы берілді

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қаза тапқан 3 экипаж мүшесіне «Ұлт қаһарманы» атағы берілді.

Ұшақ апаты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар – Әзербайжан Эйрлайнс бортының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерігі Хокума Әлиева.

Бұдан бөлек апаттан кейін тірі қалған екі экипаж мүшесі бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды.

Ол төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.

Марқұмдарды соңғы сапарына аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.

Оған ел президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy