USD
USD
USD

Ақтауда тұрғын үй кешенінен қыз секіріп кетті

Ақтауда 18 қазан таңертең қайғылы оқиға болды.

Терезеден секірді
Фото: ғаламат

Алматы, NEGE. Жас қыз қыз 17-шағын ауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап түсті.

Куәгерлердің айтуынша, қыз оқиға орнында көз жұмған.

– Жұмыстан қайтып келе жатып, аулаға полиция көліктері жылдамдықпен кіріп келе жатқанын көрдім. Не болғанын білуге бардым. Алғашында ештеңе түсінбедім, бірақ полиция көлігінің жанында қыздың денесін көрдім. Ол кіреберістің дәл алдында құлаған, – дейді тұрғындардың бірі.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, болған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен марқұмның кім екені анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram