Ақтауда той кезінде жаппай төбелес шығып, алты адам ұсталды
Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен той кезінде қонақтар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Астана, NEGE. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына шақырту түскен соң, бұзақылыққа қатысушылар жедел анықталып, ұсталған. Олар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.
«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады өңірлік полиция қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер ел тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және өзара келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге шақырды.