USD
USD
USD

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Маңғыстауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптарын түсіндірді. 

.
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Астана, NEGE. Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары халық арасында жаңа заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, адамның жүзін толық немесе жартылай жасыратын киім үлгілерін киюге қойылатын шектеулер бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру шаралары қолға алынды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлесіп, халық көп шоғырланатын орындарды аралап, тұрғындарға заң талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Шара барысында азаматтарға қоғамдық орындарда бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге болмайтыны жөнінде ақпарат берілді.

Аталған шектеулер құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізілген. Бұл шаралар қандай да бір діни көзқарасқа қарсы бағытталмаған.

Керісінше, олардың негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам