USD
USD
USD

Ақтауда ММА чемпионаты кезінде 17 жастағы спортшы қайтыс болды

Ақтауда NOMAD MMA спортынан өткен облыс чемпионаты кезінде 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық NOMAD MMA федерациясы. 

ММА чемпионаты
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аталған чемпионат 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен.

Әлеуметтік желіде спортшының жекпе-жек кезінде қалай қайтыс болғаны таспаланған видео жарияланды.

«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті. Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Өкінішке қарай, жас жігітті өлімнен құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеуде. Біз жақын-жандарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды федерация.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп