Ақтауда қоқыс контейнерлерінің арасынан ММА боксшысының мәйіті табылды
Ақтауда қоқыс контейнерлерінің арасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Алматы, NEGE. Марқұмның аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаров екені анықталды.
Ер адамның мүрдесі 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған. Марқұмның денесі әбден ісініп, қарайып кеткен. Оның өлер алдында қатты соққыға жығылғаны айтылады, сонымен қатар денесі бірнеше күн көшеде жатып қалған.
kriminal_kazakhstan
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, мүрде 20 қыркүйекте табылғанын айтты.
«Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.
Вусал Джафаров кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.