USD
USD
USD

Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған мектеп күзетшісі қамалды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлайды Kazinform.

Күзет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Білім беру ұйымының күзетшісі аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған қыздардың қасына барып, біреуін шақырып алған. Күдікті қызды мектептің кіреберісіндегі күзетші отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастапты.

«Бұл масқара біздің мектепте болды. Күзетші — 52-53 жастағы адам. Қыз баланы кіргізіп алып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз қашып шықты. Далада ойнап жүрген балаларға барып, алдап ішке кіргізген», — дейді ата-аналардың бірі.

Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді.

Аталған мектеп те оқиғаны растады. Күзетші бірден қамауға алынған. Себебі, оның іс-әрекеттері бейнекамераға жазылған. Сондықтан күзет агенттігінің үстінен сотқа шағым берілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран