USD
USD
USD

Ақтауда «КамАЗ» көлігі әскери қызметшіні қағып кетті

Әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 14 қаңтар күні, бөлімше Оймаша әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде болған.

«Қолайсыз ауа райы жағдайында, яғни көктайғақ, көріну нашарлап, қараңғы түскен уақытта КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті.

Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдері марқұмның отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бұл дерек бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты