USD
USD
USD

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтауда дүкеннің ашылуына орай балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқан кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтау
Фото: pixabay

Астана, NEGE. Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында 1 тамыз күні 14-шағынауданда орналасқан кәсіпкерлік нысанда тегін өнім тарату фактісі анықталған.

Белгілі болғандай, кәсіпкер нысанның ашылуына байланысты балаларға 50 дана балмұздақ пен 30 дана йогуртты тегін үлестірген. Алайда іс-шараны өткізер алдында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алмаған.

Осыған байланысты Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп кәсіпкерге түсіндіру жұмысын жүргізді. Кейін оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразайдың айтуынша, кәсіпкерлердің әлеуметтік бастамаларына қарсылық жоқ, алайда мұндай акциялар заң талаптарына сай ұйымдастырылуы тиіс.

«Іс-шара өткізер алдында жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алып, балаларды қуантудың қауіпсіз әрі заң талаптарына сәйкес келетін өзге де жолдарын қарастырған жөн. Себебі адамдардың көп шоғырлануы түрлі келеңсіз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін», – деді ол.

Әкімдік кәсіпкерлерді тұрғындарға тегін өнім тарату акцияларын ұйымдастыру кезінде заңнама талаптарын сақтауға шақырып, рұқсатсыз өткізілген мұндай іс-шаралар әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев