USD
USD
USD

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Бас әскери прокуратура Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің командиріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Ол қызметтік міндеттеріне салғырт қараған деп айыпталып отыр. Салдарынан 17 ақпанда сарбаз Р. Жайғалиев қаза болған.

Әскери адам, сарбаз
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Әскери қадағалаушы орган мәліметінше, тергеу барысында бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталған. Осы жағдай «түптеп келгенде, қайғылы оқиғаға себеп болған».

Әскери прокурорлардың мәлімдеуінше, жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілген.

«Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды, ал 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 23 қаңтарда сарбаз Қазыбек Оспановтың қаза болу дерегі бойынша Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің батальон және взвод командирлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлаған едік.

Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталған.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті