USD
USD
USD

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының сыртқы объектілердің әсерінен зақымданғаны белгілі болды

Көлік министрлігі «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының «Embraer-190» ұшағының апатқа ұшырауын тергеу туралы алдын ала есебін жариялады.

Ақтау
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Құжат Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Құжатта көрсетілген дерекке сәйкес, Ақтау маңына құлаған ұшақты тесіп өткен зақымдар конструкцияға сыртқы объектілердің енгенін көрсетеді.

«Апаттан кейінгі фрагменттерді тексеру кезінде фюзеляждың артқы бөлігінде, тік тұрақтандырғышта, лифт пен рульде әртүрлі өлшемдегі және пішіндегі зақымданулар анықталды. Сол сияқты ұқсас зақымданулар ұшақтың сол жақ қозғалтқышы мен сол қанатында, сондай-ақ ұшақтың тораптары мен бөлшектерінен табылды. Кейбір жерлерде зақым кәдімгі төртбұрышты пішінге ие», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті