USD
USD
USD

Ақтауда апат болған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын зерттеуді аяқтады, деп жазды ТАСС ақпарат агентігі.

апат
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, осы жайында бразилиялық G1 порталына аталған ведомстводан хабарлаған.

— Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды, — делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен бірге, O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр.

Еске салсақ, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

.

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім