USD
USD
USD

Ақтауда 1,9 млрд теңгені заңсыз иемденген компания басшылары сотталды

«ИнтерьерСтройАқтау» ЖШС басшыларының «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы кезінде аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны анықталды.

Сот
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Олар құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан 590 үлескермен келісімшарт жасасқан. Нәтижесінде азаматтардан заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат алғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек компания басшылығы жалған құрылыс актілері арқылы 1,9 млрд теңге көлеміндегі ақшаны иемденген.

Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот шешімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүліктері тәркіленіп, жәбірленушілерге өтем ретінде аударылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты