USD
USD
USD

Ақтауда 18 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Ақтауда 18 жастағы қыз тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқиға 16 сәуірде, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 4-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Lada.

Жоғары қабат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға кезінде жәбірленушінің жанында екі дос болған. Басылым дереккөздерінің мәліметінше, құлағаннан кейін қыз біраз уақыт шок күйде болған, тіпті тұруға тырысқан. Ол жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегінен бас тартты. Алайда дәрігерлер бірден ауыр жарақатты анықтап, жәбірленушіні ауруханаға жеткізгені айтылды.

"Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Диагнозы: аралас жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ми жарақаты, жабық кеуде жарақаты, оң жақ қабырғасының жабық сынуы, оң жақта гемопневмоторакс, іштің жабық жарақаты, бауырдың жарылуы, оң жақ мықын сүйегінің сынуы, оң жақ білек сүйегінің жабық сынығы", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.