USD
USD
USD

Ақтауда 100-ден аса бала жоғалып кетті

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесіне отай өткен концертті 100-ден астам бала мен жасөспірім ата-анасынан көз жазып қалған. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

<
Фото: Lada.kz

Алматы, NEGE. Концерт кезінде адамю көп болған. Сол себепті кейбір балалар мен ересектер өзін жайсыз сезініп, есінен тана жаздаған. Ұлттық ұлан мен арнайы жасақ (СОБР) сарбаздары оларды қолдарына көтеріп, қауіпсіз жерге шығарып жатты. Кейбіреулерге медициналық көмек қажет болған.

Сонымен қатар, бірнеше бала уақытша ата-анасынан адасып қалған. 100-ден астам бала арнайы дайындалған киіз үйге жеткізіліп, сол жерде шара ұйымдастырушылары оларды уақытша қарап, кейін ата-аналарына табыстаған.

Ең үлкен бала – 15 жаста, ең кішкентайы – арбада отырған сәбиге дейін болды. Қазір бәрі аман-есен ата-анасына қайтарылды. Сахнадан бірнеше рет ескертіліп, баласы жоғалған ата-аналар киіз үйге бару керектігі айтылды. Мұндай жағдайлар қоғамдық шараларда жиі болады. Біздің қызметкерлер бұған үйренген, – деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

5 сәуір күні фестивальдің ашылу рәсімінде қоғамдық тәртіпті 1500 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбазы қадағалады. Ақтау қаласына 2025 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілгеніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті