USD
USD
USD

Ақтау: Жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді

Ақтауда қаланы жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман мәлім етті.

Ақтау: Жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұдан бөлек, әкімдік кәсіпкерлерге өз нысандарына мерекелік безендіру жасау туралы ұсыныс білдіреді.

«Биыл жаңа жылды тойлауға байқау болмайды, қаражат бөлінбейді. Қала жаңа жыл мерекесі қарсаңында ойыншықтар мен әшекейлердің ескі қорларынан безендіріледі. Бізде жаңа шыршалар бар, бәрін іліп қоямыз. Әкімдіктік кәсіпкерлерге өз нысандарын мерекелік безендіру туралы ұсыныс хат жолдайды», – деді қала басшысының орынбасары.

Серік Гусманның айтуынша, екі жасанды шырша облыс орталығында, тағы біреуі Өмірзақта орнатылмақ.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар