Ақтау маңында тепловоз бен автобус соқтығысты
Ақтау маңында тепловоз бен автобус соқтығысты. Оқыс оқиға бүгін 07:25 шамасында болған.
Алматы, NEGE. Департаменттің хабарлауынша, 102 кезекшісінің диспетчерлік бөліміне Өмірзақ ауылындағы теміржол өткелінде жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып қалды деген қоңырау түскен. Жүргізуші жақындап келе жатқан тепловозды байқамай қалған.
«Зардап шеккендер жоқ. Автобус ішінде адам болмаған. Автобус жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе алты айға дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Қазір оқып жатыр
«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады
Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?
Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан