USD
USD
USD

Ақтау қаласындағы екінші емханада оқыс оқиға болды

Емделушілердің бірі жылу батареясының шүмегіне сүйеніп тұрғанда сындырып алған. Соның кесірінен екінші қабаттан атқылаған су төмендегі электр желісі шоғырланған қорапқа жетіп, қауіпсіздік дабылы қосылған, деп хабарлады Хабар-24. 

Ақтау қаласындағы екінші емханада оқыс оқиға болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Медицина мекемесінің басшылығы ақауды шұғыл түрде жойып, жылуды қалпына келтірген. Қазір емхананың әкімшілік бөліміндегі сегіз кабинетінде жарық жоқ. Науқастарды қабылдайтын екінші блок кестеге сай жұмыс істеп тұр.

– Сағат 9:00 мен 10:00 арасында эвакуация жасалып, толық анықталғанша қызметкерлерімізді, келуші тұрғындарымызды есіктің алдына шығардық бір сағаттың көлеміндей. Кемшіліктер анықталғаннан кейін жаңағы 8 кабинеттен басқа кабинеттің барлығын электр жүйесін және сонымен қатар жылу жүйелері іске қосылып, жұмыстары штаттық режимде қазір жасалып жатыр, – деді қалалық №2 емхана басшысы Жарас Байғожаев. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия