USD
USD
USD

Ақтау гарнизонында сарбаз жарылыстан қаза болды

Ақтау гарнизонында белгісіз заттың жарылуынан әскери қызметші мерт болды, деп хабарлады  ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі. 

Ақтау гарнизонында сарбаз жарылыстан қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2023 жылғы 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонының «Оймаша» оқу полигонында жұмыс барысында белгісіз зат жарылды. Салдарынан әскери қызметші түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне қарамастан, әскери қызметші ауруханаға барар жолда қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, оқиға орнына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Д.Оспанов бастаған комиссия жіберілген.

«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тексеруді бастады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қарулы күштердің құрлық әскерлерінің басшылығы қайтыс болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - дейді әскери ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала