USD
USD
USD

Ақтау әкімі сотта жеңілді

Ақтаудың әкімі Нұрдәулет Қилыбай сотта жеңіліп, 153 мың теңге айыппұл төледі.

Ақтау әкімі сотта жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, оның үстінен жеке кәсіпкер шағым түсірген. Ол қала әкімі мен Ақтаудың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңсыз әрекеті туралы айтқан. Даулы мәселе жер телімін жалға беру мерзімін ұзартуға байланысты шыққан. Құзырлы орган талапкердің өтінішін қанағаттандыру үшін 1 ай ішінде әкімшілікке акт қабылдауды тапсырады. Алайда сол күйі аяқсыз қалады. Сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі тарап 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

- Әкімнің іс-әрекетін заңсыз деп тауып, жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын. Сол шешімнің орындалмауына байланысты сот тарапынан ақшалай өндіріп алу туралы процессуалды шара қолданылды. Аталған мәжбүрлеу шарасы әкімшілік айыппұл емес, - деді  облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мұхит Мукашев.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция