USD
USD
USD

Ақтау соты ақша жымқырды деп айыпталған бухгалтерді ақтап шықты

Ақтау қалалық соты бірнеше миллион теңгені жымқырды деп айыпталған «Әлем Құрылыс ltd» ЖШС бас бухгалтерін ақтау туралы шешім шығарды.

Есепші
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. Прокуратура бұл үкіммен келіспей, апелляцияға жүгінді, деп хабарлайды lada.kz.

Сот мәліметінше, бухгалтерге ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («Бөтеннің мүлкін бірнеше рет, алдын ала сөз байласу арқылы ірі және аса ірі көлемде ысырап ету») бойынша айып тағылған.

Тергеу болжамына сәйкес, ол 2022 жылдың 10 қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін бірнеше әріптестерімен бірге:

  • 10 млн теңге,
  • 61,2 млн теңге,
  • 72 млн теңгеден астам қаржыны иемденген деп көрсетілді.

Айыптаушы тарап 7 жылға бас бостандығынан айыруды және келтірілген шығынды өндіруді талап етті.

Адвокаттар, керісінше, бухгалтер ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын, тек кәсіпорын иесінің нұсқауларын орындап, қаражатты жалақы төлеуге бағыттағанын алға тартты.

Соттың шешімінде: «Қылмыстық іс заң талаптарын бұза отырып қозғалған. ЕРДР-ге арыздарды тіркеу тәртібі сақталмаған, ал шығынды растайтын тексеру актілері мен аудит қорытындылары болмаған», – делінген.

Сондай-ақ, прокурорлардың істі заңсыз қайта қозғағаны және айыпталушының мойындаулары жеткілікті дәлел бола алмайтыны айтылды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы сот шешімімен келіспей, 19 қыркүйекте апелляциялық алқаға өтініш түсірді. Енді бұл істі облыстық сот қайта қарайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай