USD
USD
USD

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 шетел азаматы Отанына аман-есен жетті

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен, Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесінде 6 күн бойы емделіп жатқан Әзербайжанның қалған үш азаматы Әзербайжанға арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: ДСМ

Алматы, NEGE. «Бір пациент механикалық желдетуден, вазопрессордан және дәрілік седациядан ажыратылған. Басқа екі зардап шеккен адамда вазопрессордың дозасы ең төменгі дозаларға дейін төмендетілді. Қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлердің білікті іс-қимылының арқасында келіп түскен барлық пациенттердің жағдайының динамикасы тұрақтандырылды, нашарлау байқалмады», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы медициналық қызметтердің күшімен тұрғылықты елдеріне тасымалданды.

Ақтау қаласындағы әуежай маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына, екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін естеріңізге сала кеткен жөн.

«Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келді, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок. Ұшақ апатынан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Теңге құнсызданып кетсін. «Alatau City Bank» НЕГЕ қарызын жырымдай бастады?

ACB

Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті

Жедел жәрдем көлігі

Бензин мен дизель әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылмақ

бензин экспорты

Қанатбек Жайсаңбаев Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев