USD
USD
USD

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

Маңғыстау облысында 7 шілде күні O'Mir курорттық қонақүйі маңында жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханов есімді бозбала іздестірліп жатыр.

сүңгуірлер
Фото: Lada.kz

Астана, NEGE. Lada.kz ақпаратынша, ауқымды іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 53 адам жұмылдырылған. Соның ішінде іздеу операциясына Әскери-теңіз күштерінің 5 сүңгуірі, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 5 сүңгуірі қатысуда.

Бұған қоса 6 техника, 3 жүзу құралы, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.

Құтқарушылардың мәліметінше, іздеу жүргізіліп жатқан аумақта ауа температурасы +30°C, су температурасы +22°C. Ауа райы бұлтты, шығыстан секундына 4 метр жылдамдықпен жел соғып тұр.

Туған күнінде жоғалып кеткен Азаматты іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика