USD
USD
USD

Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды. Бүгінде жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына 530 мм-ден 1020 мм-ге дейінгі диаметрлі көбікті полиуретан оқшаулағышпен жабдықталған заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ 2024-2025 жылғы жылыту маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді.

Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым. Тозу деңгейі – 79%. Аталған жоба іске асырылғаннан кейін желілердің тозу деңгейі 75%-ға дейін қысқарады. Бұл тұрғындарды жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, ыстық су жеткізу өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында 2025-2029 жылдарға арналған қаржыландыру көлемін айқындай отырып, 2029 жылға дейін 175 шақырым жылу желілері мен жылумен жабдықтау көздерін реконструкциялау және салу жоспарланып отыр. Жоба желілердің тозуын азайтуға және инвестиция тарту арқылы коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты