USD
USD
USD

Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталды

Тимур Сәдуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тимур Сәдуақасов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, Сәдуақасов Т.Х. тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда.

Еске сала кетейік, Садвақасов Т.Х.-ға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.

2023 жылы шілде айында Сәдуақасов Т.Х. және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Құрманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.

Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Сәдуақасов пен Құрманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан