USD
USD
USD

Ақтау халықаралық әуежайы ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты

27 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00 мен 17:00 аралығында Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды.

Саяхат
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қолайсыз ауа райы мен ұшу-қону жолағын техникалық күтімнен өткізуге байланысты, Ақтау халықаралық әуежайы 27 ақпан 2025 жылы сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін уақытша жабылғандығын хабарлайды.

Сондай-ақ, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуежайға баратын жол да жабық.

Әуежайдың жұмысы мен жолдың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Жолаушылар әуежайдың ресми сайтында рейстердің жай-күйі және кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпаратты ала алады www.aktau-airport.kz немесе тәулік бойғы анықтама бюросының телефоны арқылы: 8 (7292) 60 97 55.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 ақпанда жоспарланған 11 рейстің 4-і кешігіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам