USD
USD
USD

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

ШҚО-да жасөспірім қызын туған күнімен құттықтаған сәті желіде қызу талқыланған отбасы қазақстандықтарға видеоүндеу жасап, сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

смартфон ұстаған ер адам
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қыздың әкесі ешкімнің алдында ақталмайтынын, туған күнінде бар болғаны қызының бетінен сүйіп, мұрнынан иіскегенін айтады.

«Ақталмаймыз, ақталуға міндетті емеспіз. Біз қылмыс істеген жоқпыз. Бар жазығым – қызымды мұрын тұсынан иіскеп, көңілім босап, құшақтап тұрдым. Кішкентай кездері есіме түсіп кетті. "Әкеге қыз жақын" дейді. Төрт балам бар. Өзім қайран қалып отырмын. Таңертең оянған кезде бүкіл Қазақстанға танымал боламыз деп кім ойлаған?», – деп желіде пікір білдірді қыздың әкесі.

Ерсі қылық істемегенін айтқан ер адам полиция департаментіне барғанын, ертең үйіне Қорғаншылық және қамқорлышық бөлімінен адамдар келетінін, оларды өзі де күтіп отырғанын жеткізді. 

«Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Ақ-қарасын ажыратамыз. Керуен көшеді, ит үреді. Ақылы бар, мимен ойлайтын кісілер қалыпты қарайды. Көбі (желідегі пікірлердің – ред.) – негатив. Демек ол адам негатив іздейді. Қолдап жатқан кісілер, сіздерге рахмет! Бізде бәрі жақсы. Біз сынбаймыз. Бұл да бір Алланың сынағы. Адвокатпен сөйлестік. Оның айтқан ақылымен ар-намысыма тиетіндей теріс пікірлерді скриндеп алдық», – дейді қыздың әкесі.  

Қыздың ата-анасы желідегі жарияланымдарды «жалған ақпарат» деп атап, оны жариялаған адамдарды және жеке парақшадағы видеоны алып, таратқандарды, сондай-ақ желіде теріс пікір білдірген адамдарды сотқа беруге ниетті екенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін желіде қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйді делінген ер адамның видеосы тарап, желі қолданушылары оның ерсі көрінетіні, әкесі қызының ернінен сүймеуі керек екенін жарыса жазды. Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева видеодан кадр жариялап, құзырлы органдардан осы жайтқа қатысты тексеру жүргізуді талап етті. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл дерек тіркелгенін, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі