USD
USD
USD

Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің үстінен сотқа арыз түсті

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің есімі сот

Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің үстінен сотқа арыз түсті
Фото: NEGE.kz

істеріне қатысты жиі аталып жүр. Сәуір айында Ақсу әкімдігі сүт-тауар фермасын сотқа берсе, таяуда Әшімбетов өңір басшысы үстінен екі рет сотқа арыз түсірген.  

Енді Ақсу әкімінің өзі де дауға шатылғаны белгілі болды. ҚР Жоғарғы соты сайтындағы сот кабинетінде 2021 жылғы 13 мамырға белгіленген талап арызды қабылдау туралы ұйғарым тұр. Онда талап арыздың 5 мамырда берілгені көрсетілген. Арызда ол ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделге нұқсан келдірді деп айтыпталған.

Талапкер – Ақсу әкімдігіндегі бір бөлімнің басшысы, ол Әшімбетов тарапынан қызметкерлерді негізсіз қорлау әрекеті жүйелі түрде жасалатынын айтқан. Сонымен қатар, арызда сипатталған барлық оқиғаларды сотта растайтын куәгерлердің бар екенін жазады.

Талапкер былай дейді: «Қаланың айналма жолдарының бірінде әкім Нұржан Әшімбетов мені және «Горкомхоз» ЖШС директорының орынбасарын қоқыс тастайтын жерге мәжбүрлі түрде қарсы тұрғызып қойып, журналистерге: «Мыналарды суретке түсіріп, олардың жемқор деп жазыңыздар»,  – деп қорлады». Сондай-ақ ол қала басшысы үнемі өзін осылай ұстайтынын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын желіде Ақсу әкімдігі қызметкерлерінің ұжымдық үндеуі пайда болған еді. Олар Нұржан Әшімбетовтың мемлекеттік қызметкер этикасын жиі бұзатынына шағымданған болатын. Осы өтініш бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Алайда, Әшімбетов тергеу қортытындысымен келіспей, сотқа берді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек