USD
USD
USD

АҚШ-тың үздік жүзушісі әлем чемпионаты кезінде суға батып кете жаздады

Будапеште өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты кезінде АҚШ құрамасының көркем жүзушісі бассейнде есінен танып қалды. Оны жаттықтырушысы құтқарды, деп хабарлайды

АҚШ-тың үздік жүзушісі әлем чемпионаты кезінде суға батып кете жаздады
Фото: NEGE.kz

ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Екі дүркін Олимпиада чемпионы, 25 жастағы Анита Альварес еркін бағдарламасын аяқтағаннан кейін кенеттен есінен танып, бассейннің түбіне кетті.

Бұған дейін Испания командасының құрамында синхронды жүзуден Олимпиадада төрт рет жүлде алған АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Андреа Фуэнтес спортшыны құтқару үшін суға секірді. Ол Альваресті бассейннен алып шықты.

Анитаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Фуэнтестің айтуынша, Альварестің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлер оның жүрек соғу жиілігін, оттегі мен қант деңгейін, қан қысымын және басқа да маңызды көрсеткіштерін тексерген.

Фуэнтес Испанияның «Marca» газетіне берген сұхбатында спорттық шара құтқарушыларының ешқайсысы әрекет етпегендіктен, суға секіргенін айтады.

Анита Альварес алты күн ішінде төрт алдын ала және үш финалдық байқауда тамаша өнер көрсетті. Ол жеке финалды жетінші болып аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы