АҚШ-тың Сот Үйі Трампқа импичмент жариялады
Сәрсенбі күні АҚШ-тың Сот Үйі Трампқа импичмент жариялады. Сот импичмент ісін Сенатқа жолдады. Жиын барысында Трамптың ісі 2 тарау бойынша дауысқа салынды. Дауыс салу мәселесі қазіргі президентті «Украинаға қысым көрсетті» деп айыптаудан туындады. Дональд Трамп – Америка тарихындағы импичмент жарияланған үшінші президент.
Сот Трампқа қарсы тағылған екі айыпты да қолдады. Дауыс берудің нәтижесі төмендегідей:

Бірінші айыптау (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша 230 адам «келісемін» деп дауыс берсе, 197 адам қарсы екенін көрсеткен. Бір адам бейтарап қалған.
Ал екінші айыптау (конгрестегі обструкцясы) бойынша 229 адам келісіп, 198 адам «қарсымын» деп дауыс берген.
Осы жиын барысында калифорниялық демократтар өкілі Адам Б.Щифф The New York Times газетіне берген сұхбат беріп, былай деді:
«Соңғы 3 ай бойы біз осы айыптауларды түпкілікті зерттеп келдік. Перзидент пен оның командасы жоспар құрып жатыр. Бұл нақты шешім емес, әлі де қауіп бар, ел демократиясының тағдыры әлі де қыл үстінде».
Ал Солтүстік Каролинадан келген республикалық өкіл Марк Медоуз болса бүй дейді:
«Бұл оқиға тарихта: «Вашингтондағы демократтар Дональд Трамппен жұмыс істей алмағандықтан осындай қадамға барды» деп жазылатын шығар».
Бұл іс Сенатқа жолданды. Егер Сенаттың үштен екі бөлігі осы істі қолдаса, Трамп қызметінен кетеді. Трамп кеткен жағдайда заң бойынша орнына бүгінгі вице-президент Майк Пенс отыруы тиіс. Сенат импичментке қарсы болса, Трамп қызметін жалғастырады. Президенттің командасы да қол қусырып отырмағаны анық. Сенат мүшелерінің басым бөлігі республикалықтар екенін де ескерген жөн.
Ербол Молдажан, АҚШ, Нью-Йорк