USD
USD
USD

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ҚАЗАҚТАРДЫҢ «қалай ішетінін» қайдан біледі?

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Қазақстанды «ішкіш елдердің» тізіміне қосыпты. 

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ҚАЗАҚТАРДЫҢ «қалай ішетінін» қайдан біледі?
Фото: NEGE.kz

The Sun басылымы ОББ-ның зерттеуін жариялады.

Спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын елдердің ішінде Қазақстан 100-орында тұр екен. Data Hub дерегіне сенсек, елдегі әрбір тұрғынға жылына 3,73 литр таза алкогольден тиеді.

Салыстыру үшін айта кетейік, бұл тізімде Ресей 56-орында тұр. Әр ресейлік жылына 7,29 литр алкоголь тұтынады. Бір қызығы, Ресейдің «айнымас досы» Беларусьте арақты орыстардан да көп ішетін болып шықты. Тізімде 18-орында тұрған беларусьтердің әрқайсысы жылына 10,57 литр алкогольді сылқылдататын көрінеді. 

Бұл тізімді Кука аралы бастапты. Кукалықтардың әрқайсысына жылына 13 литрден келеді екен.

Ал ең аз ішетін елдердің қатарында  Сауд Арабиясы, Кувейт, Бангладеш, Мавритания, Сомали тұр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон