USD
USD
USD

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қытайда қамалған қазақтардың туыстарымен кездесті

Қазақстанға келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның ресми өкілдерімен келіссөз алдында Қытайдың Шыңжаң аймағындағы лагерьлерде отырған этникалық қазақтардың туыстарымен кездескен. Бұл туралы Майк Помпео өзінің Твиттердегі парақшасында жария етті. 

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қытайда қамалған қазақтардың туыстарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE.  «Шыңжаңдағы лагерьлерге жіберілген немесе ұсталған Қытайдағы этникалық қазақтардың отбасымен кездестік. Мұсылман азшылықтарының бір тобын күштеп өздерін беймәлім тағдыр күтіп тұрған Қытайға қайтармағанына және баспана іздеп келгендерді қорғауына алғаны үшін Қазақстанға алғыс білдіремін». – деп жазады Майк Помпео.

Майк Помпео Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден соң, Қазақстан мен әлем жұртшылығын Қытайдағы репрессияны тоқтатуға күш салуға шақырған еді.  

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж