USD
USD
USD

АҚШ-тың қазақстандық бидай өндірісіне қатысты болжамы өзгермеді

Аталмыш ведомствоның қараша айындағы шолуы бойынша бидайды экспортқа шығару болжамы қазан айымен салыстырғанда 6,3 млн тоннадан 6,5 млн тоннаға өскен, импорт болжамы 200 мың тонна деңгейінде тұрақтап қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz

АҚШ-тың қазақстандық бидай өндірісіне қатысты болжамы өзгермеді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы биылғы (2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың маусымы аралығы) бидай өндірісі 12,5 млн тонна деңгейінде болады деген болжамын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Осы ретте қаңтардағы шолуда астық экспорты желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 млн тоннадан 6,8 млн тоннаға көбейеді деген болжам жасалған. Бидай импортының болжамы да 300 мың тоннаға дейін ұлғайған. 2021 жылдың 1 шілдесінде қоймаға келіп түсетін астық 0,73 млн тонна деп есептелген. Биылғы ауыл шаруашылығы жылында Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7-8 млн тонна астық және ұн (астық эквивалентінде) деп бағаланған. 2020 жылы егін жинау қорытындысында орташа шығымдылығы 12,8 ц/га құрайтын 20,1 млн тонна астық бастырылған. Аталған министрліктің дерегінше, егін жинау көрсеткіші биыл таза дақыл салмағымен есептегенде 18,5 млн тоннаға жетеді. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 17,4 млн тоннаны (2018 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға төмен) құраған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс