USD
USD
USD

АҚШ-тың бас консулы Алматының орталық мешітіне барды

 Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Каролин Сэвич Алматының орталық мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

АҚШ-тың бас консулы Алматының орталық мешітіне барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бас консул Каролин Сэвич пен көмекшісі, дипломат Самуэл Фантэламен кездесіп, мешіттің діни тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан ұлт пен ұлысты бөліп жармай, бірнеше дін өкілдерін бір шаңырақ астында тату өмір сүруіне жағдай жасалғанын атап өтті.

АҚШ-тың консулдық өкілдері Қазақстанның діни тұрақтылық пен келісім негізіндегі саясатын қолдайтынын жеткізді. Каролин Сэвич барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. Бас имам Төлеби Дәділұлы қазақы салтпен қонақтарға кәдесый тарту етіп, ұлттық дәм ұсынды», - деп хабарлады Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер