USD
USD
USD

АҚШ-тың барлық штатын вирус жайлады

АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан озды. Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, Құрама штатта індетке шалдыққандар – 82 040, Қытайда – 81 782 болды.

АҚШ-тың барлық штатын вирус жайлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша бірінші орынға шығуы адамдарға тестілеудің жаппай өткізілуімен байланысты.

Нью-Йорктің өзінде ғана ауру жұқтырған 30 мыңнан астам адам бар. Бұдан нашар статистика тек Италияда ғана.

Індет жұқтыру оқиғалары Американың барлық 50 штатында тіркелген, одан көз жұмғандар саны 1000 адамға жетті.

Бұған дейін АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін екі триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған.

Бұл Америка тарихында үкімет көрсетіп отырған ең көлемді пакет – АҚШ-тың әрбір ересек тұрғыны 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек алатыны шамаланған.

Бұдан бөлек, шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржылық демеу көрсету қарастырылған.

АҚШ-та коронавирус індеті өршігеннен кейін жұмыссыз адамдардың саны артып, рекордты 3,3 миллионға жетті.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық