USD
USD
USD

АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы офицері Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алды

ЦРУ-дың бұрынғы офицерінің жаңа құқықтық мәртебесін оның адвокаты Анатолий Кучерена мәлімдеді.

АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы офицері Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Американың барлау қызметінің бұрынғы офицері Эдвард Сноуден ант беріп, қолына қызыл төлқұжат алды.

Сондай-ақ оның адвокаты Сноуденнің әйелі, 2017 жылы Мәскеуде үйлену тойы өткен америкалық блогер Линдси Миллстің Ресей азаматтығын алуға өтініш білдіріп жатқанын айтты.

Еске салайық, ЦРУ мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері 2013 халықаралық жанжалдың себепкері болды. Ол Ол The Washington Post және The Guardian басылымдарына АҚШ пен Ұлыбританияның барлау агенттіктерінің интернеттегі бақылау бағдарламалары туралы құпия материалдарды берген болатын. 

Осыдан кейін Сноуден Гонконгқа, одан Мәскеуге ұшып, біраз уақыт Шереметьево әуежайының транзиттік аймағында болған.

2014 жылдың тамызында Эдвард Сноуден Ресейде үш жыл тұруға рұқсат алды, содан кейін оған мерзімсіз құжат берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип

Қазақстан дүниежүзілік мұра нысандары бойынша Азияның үздік 20 елінің қатарына енді

Коллаж