USD
USD
USD

АҚШ-тың Аризона университеті Шымкентте өз өкілдігін ашпақ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Аризона университеті Шымкентте өз өкілдігін ашпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс-тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаны талқыға салды. Алдағы уақытта Шымкентте университеттің өкілдігін ашу ойымызда бар дейді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман. Меймандарға жоғары оқу орнының оқу базасы таныстырылды. Университет ішіндегі «Мұхтартану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова:

– Қазіргі таңда университет өзіміздің міндет-мақсаттарымызды жалпы кәсіпкерлік университетке баулу дағдысына көшіп отырмыз. Осыған байланысты біз университетте магистрант, доктаранттарды таза тілге оқытуға және кәсіпкерлікке баулу үшін ұзақ уақыттан бері осы Аризон университетімен екі жақты байланыста болғанбыз. Біз бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл университет бізге қос дипломды, бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті шынайы дамыту мақсатында университетте кампустар жатақхана салу мәселесінде көтеріп отыр, - деді.  Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холмон : – Біз серіктес болғалы отырған университетке әуелі қос дипломды беру жобасын ұсынып отырмыз. Ғылымды бірлесіп дамыту бойынша да бағдарламамыз бар. Ортақ келісімге келсек, кампус, жатақхана саламыз деген жоспарымызды да айттық, - деп ойымен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы