USD
USD
USD

АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды

  Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді. 

АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның жазуынша, омикрон штаммын жұқтыру жағдайларының көпшілігі Африканың оңтүстігінен келген пациенттерден анықталған. Алайда кемінде екі штаттан - Гавайи мен Миннесотада короавирустың жаңа штаммы АҚШ-тан шықпаған адамдардан табылған. АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу федералды орталықтарының сайтында жарияланған статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, елде соңғы бірнеше күнде коронавирус жұқтырушылар саны артқан.

Бейсенбі күні АҚШ-та 138,4 мың ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды. Дүйсенбі күні олардың саны 102 мың болған. АҚШ-та коронавирустың омикрон штаммын жұқтырудың алғшқы жағдайы сәрсенбі күні Калифорния штатында тіркелді. Жаңа штамм анықталған пациент АҚШ-қа 22 қараша күні ОАР-дан келген. Ол толықтай вакциналанған.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі