USD
USD
USD

АҚШ-тағы Президент сайлауы: Кім жеңеді?

Бүгін америкалықтар үшін маңызды күн.

АҚШ-тағы Президент сайлауы: Кім жеңеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ халқы алдағы 4 жылда билік басына кім келетінін шешеді. Қазірге дейін 100 млн-ға жуық америкалық мерзімінен бұрын дауыс беріп, өз таңдауын жасапты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Саяси доданың нарықтағы ахуалға әсері қандай? Сарапшылар сайлау нәтижесі жайлы не дейді? Тілші: – Сарапшылардың пікірі сан түрлі. Бірақ жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша Джо Байден алда келеді. Букмекерлік кеңселер де бұрынғы вице-президенттің жеңісін болжап отыр. Алайда бәрі 2016 жылғыдай әп-сәтте өзгеріп шыға келуі мүмкін.

AҚШ-тыңбірнеше елді мекенде дауыс беру басталып кетті  Америкалықтар бүгін тек Ақ үй басшысын ғана емес, вице-президентті, Өкілдер палатасының бүкіл 435 мүшесін, 35 сенатор және бірнеше штат мен аймақтың 13 басшысын да таңдауы тиіс. Дегенмен әлем назары президент сайлауына ауып отыр. Бүгінге дейін 100 млн-ға жуық америкалық мерзімінен бұрын дауыс беріп қойған. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен көрсеткіш. Көбі пошта арқылы дауыс беріпті. Өйткені коронавирусқа байланысты учаскелерге баруға қорықса керек. Жергілікті заң бойынша халық саны 100-ден аз елді мекендерге түнгі 00:00-ден бастап дауыс беруге болады. Сөйтіп Нью-Гэмпшир штатындағы Диксвилл-Нотч және МИллсфилд жұрты өз таңдауын жасап үлгерген. Тіпті дауыс беру нәтжелері де саналып қойыпты. Сөйтіп Миллсфилдте 21 сайлаушының 16-сы Трампты қолдаса, Диксвилл-Нотч елді мекенінде 5 дауыс жинаған Джо Байден жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy