Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асып кетті. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бір ғана Флорида штатының өзінде 282 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 4 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл вирус ошағы болған Қытайда дертке шалдыққандар санынан үш есе көп. Калифорнияда да науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін жергілікті билік карантин режимін күшейтті. Атап айтқанда, штатта мейрамханалар, кинотеатрлар, музейлер және зообақтардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар 30 округте шіркеулер, кеңселер, фитнес орталықтары және шаштараздар жабылды.

«Отбасыңыздан тыс адамдармен араласуды тоқтата тұрыңыз. Бұл – қарапайым қағида. Алайда мұны да сақтамайтындар бар. Лос-Анджелес пен Сан-Диего мектептерінде жаңа оқу жылында сабақ онлайн режимде өтеді. Эпидемия бәсеңдегенше, қашықтан оқу форматын қолдануға тура келеді», – дейді Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау