USD
USD
USD

АҚШ-та тікелей эфирде атыс болды

Былтыр полицияның қолынан қаза тапқан афроамерикандық Джордж Флойд ескерткішінің жанында атыс болды.

АҚШ-та тікелей эфирде атыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марқұмның жылдығына байланысты тікелей телеэфир жүріп жатқан кезде 30-ға жуық оқ атылған. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, атыстан 1 адам жарақат алды. Оқ атылғанға дейін журналист АҚШ-та полицейлер қызметіндегі жаңа реформа туралы айтқан. Американдықтар жаппай көшеге шығып, Джордж Флойдты еске алды. Оның өлімі АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ әлемнің ондаған елінде нәсілдік кемсітуге қарсы күрес символына айналды. Афроамерикандықтың жылдығында Нью-Йорктің әртүрлі ауданында жүздеген адам қолына плакат ұстап шеруге шықты. Ереуілшілер АҚШ-тың құқық қорғау жүйесін реформалау және әділетті қоғам туралы ұрандар айтты.

Элайджа Грин, ереуілші:

- Флойдты тізесімен тұншықтырған офицердің видеосын алғаш көргенде көз жасымды тыя алмадым. Ол адам баласы, біреудің әкесі емес пе?!

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер