USD
USD
USD

АҚШ-та тағы бүлік шықты

Миннеаполис

АҚШ-та тағы бүлік шықты
Фото: NEGE.kz

қаласында қарусыз афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін АҚШ қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар полицейлермен қақтығысты, деп хабарлайды ВВС.

Алматы, NEGE. Ресми ақпаратқа қарағанда, Миннеаполистің экс-полицейі Дерек Шовин қамауға алынды. Ол тізесін Флойд мырзаның мойнына сегіз минут 46 секунд бойы қойып, оны тұншықтырған. Флойдты жедел жәрдем көлігімен Хеннепин аймақтық медицина орталығына жеткізіп, бір сағаттан кейін оның қайтыс болғаны хабарланған. Шовин үшінші дәрежелі өлімге айыпталып отыр (күш қолданып, абайсызда өлтіру). Миннесот штатының заңы бойынша мұндай қылмыс жасаған адам 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бірақ бұл қарсылық шараларын тоқтата алмады. Жүздеген адам Вашингтондағы Ақ үйдің алдына жиналып, әділдікті талап етті. Олар Флойд мырзаның суретін көрсетіп, «Мен тыныс ала алмаймын» деп қайталай берді. Бұл – Флойдтың соңғы сөзі еді. Қарсылық шаралары көп штатта жалғасты. Лос-Анджелес, Чикаго, Денвер, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус пен Мемфисте демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Атлантада қарсылық танытушылар ғимараттарды қиратып, Си-эн-эн телекомпаниясының штаб-пәтеріне жақын жердегі полиция көліктерін өртеді. Президент Дональд Трамп бұл оқиғаны «өте сұмдық нәрсе» деп бағалап, осылай жалғаса берсе Миннеаполиске арнайы әскер жіберуі мүмкін екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші