USD
USD
USD

АҚШ-та саяси науқан басталады

Қарашаның сегізінде Парламентаралық сайлау өтеді. Конгрестің қос палатасына Сенат пен өкілдер палатасының депутаттары сайланады, деп хабарлады «Хабар 24».

АҚШ-та саяси науқан басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарапшылар Конгрес сайлауы Байден әкімшілігі үшін сынақ болатынын айтады. Сайлау нәтижесі бойынша АҚШ Конгресінің құрамы жаңарады. Өкілдер палатасының төрт жүз отыз бес мүшесі және сенаттағы жүз орынның үштен бірі яғни 35 адам жаңарады немесе қайта сайланады.

 Сондай-ақ, сегізінші қарашада 36 шататтың губернаторы, бас прокурорлар және заң шығарушы органдардың мүшелері сайланады. Президент өкілеттігінің ортасында дәстүрлі түрде өтетін бұл науқан «Аралық сайлау» деп аталады. Оның нәтижесі бойынша алдағы екі жылда Конгресте кімнің дауысы басым болатыны белгілі болады әрі 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға сынақ іспеттес.

"Жалпы мұндай аралық сайлауда электорат аса белсенділік таныта қоймайды. Бірақ, Жоғарғы соттың түсік жасатуға тиым салған шешімі әйелдер арасындағы белсенділікті арттырады"- дейді сарапшылар.

Қазір оқып жатыр

Алматы–Қоғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті